26 желтоқсан күні Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Білім» кәсіподағы мүшелерінің балаларына арналған облыстық жаңа жылдық шырша ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте кәсіподақ атынан жаңа жылдық сыйлық таратылды. Ертеңгіліктің соңында театр актерлері балаларға «Ұр тоқпағым» атты қазақ және орыс тілдерінде қойылым қойды.
«Білім» кәсіподақ ұйымы мен Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрдың ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Жаңа 2025 жыл сәтті, табысты жыл болсын!

