2024 жылдың 24 желтоқсан күні балалар мен ата-аналарға арналған жаңа жылдық «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік іс-шарасы өтті. Әртүрлі ойындар ойнатылып, би, әндер айтылды. Осы мерекеде балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған «Каравай» агенттігінің басшысы Бабешко Анжелика Владимировнаға және балаларға тәтті сыйлықтар берген «Trans Komir KZ» ЖШС-не, Аквапарк бассейіне тегін сертификаттар табыстаған «Жарық Сарыарқа» Дельфин Аквапарк директоры Смаилова Жанаргул Бахтыжановна мен «Delfi Fitness»директоры Коренкова Оксана Сергеевнаға алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға сәттілік пен жұмыстарыңызда толағай табыстар тілейміз!
